«Қазақ әндерін қорлады»: Көкшетауда сұлулық салонының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Наурыз 7, 2026 - 20:49
chat_bubble  0 visibility  3
«Қазақ әндерін қорлады»: Көкшетауда сұлулық салонының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Көкшетаудағы сұлулық салондарының бірінде қазақ әндеріне қатысты дау туындап, соңы қылмыстық іске ұласты. Мекеме қызметкерінің мемлекеттік тілдегі музыканы балағаттап, кемсіткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Салон қызметкері Алмагүл Әлиеваның айтуынша, оқиға өткен жылы болған. Алмагүл жұмыс орнында қазақша ән қоймақ болғанда, әріптесі қарсы шығып, музыканы өшіріп тастаған. Видеожазбада әйелдің қазақ әндері туралы:

«Мұндайды кім тыңдайды, онша емес» — деп, ар-намысқа тиетін сөздер айтқаны анық естіледі.

Жәбірленушінің сөзінше, салонда күнделікті орыс, түрік және грузин тілдеріндегі әндер кедергісіз қойылып келген. Бастапқыда полиция бұл шағымды қарастырусыз қалдырған болатын.

Оқиға видеосы желіге тараған соң, қоғам белсендісі Диас Құзайров прокуратураға арызданғанын хабарлады. Нәтижесінде құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолға алды. «Әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы толық анықталып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0