«Қазақстанда ұлттық құндылық діннен төмен тұр ма?» - қоғам белсендісі

Неге мұсылмандарға тіл тигізген адамды дереу ұстайды, ал қазақтың ұлттық құндылығын қорлаған адамды қорғап отыр?

Шілде 22, 2025 - 15:41
Шілде 22, 2025 - 16:25
 0  353
«Қазақстанда ұлттық құндылық діннен төмен тұр ма?» - қоғам белсендісі

"Мемлекетте ұлттық мүдде бар ма, әлде бәрін діншіл топтар басқарып отыр ма?"
Қараңыздаршы, мына әділетсіздікке:
Алика Мұхамедиева:
«Мұсылмандар – шошқалар, қазақтар – калбит» – деп айтқаны үшін бірден изоляторға қамалды. Дұрыс, ол да жауапқа тартылсын.

Бірақ Әйгерім Болыспаева ше?
Ол ашық түрде:
"Жеті шелпекпен көтімді сүрттім" – деп, қазақтың қасиетті салтын қорлады. Бұл сөзін TikTok-та үш рет қайталады.

Ұлт жанашыры Әсел Таухан 5 рет сотқа арыз берді. Соңғысында Мәдениет министрлігін де сотқа тартты. Министрлік бастапқыда "қылмыс бар" деді, кейін Әселмен медиациялық келісімге келіп құтылды.

Ал екі жарым ай болды – осы іске жауапты шенеунік Мейірбек Әмірбекұлы (Мәдениет министрлігі) еш әрекет жасамай отыр. WhatsApp-та да жауап жоқ!

Сұрақ:
– Неге мұсылмандарға тіл тигізген адамды дереу ұстайды, ал қазақтың ұлттық құндылығын қорлаған адамды қорғап отыр?
– Бұл жерде заң бәріне бірдей ме, әлде билікте отырған діншілдер ұлттық мүддені аяққа таптап отыр ма?
– Қазақ дәстүрін мазақ еткен адам жаза алмайтын болса, ертең қазақ кімге керек?
Біз ұлт ретінде үнсіз қала береміз бе?

Әрбір қазақтың намысы оянатын уақыт келді!


Пікіріңді қалдыр! Қалай ойлайсың – Қазақстанда ұлттық құндылық діннен төмен тұр ма?

Қоғам белсендісі Нұргүл Мұхамедтің facebook парақшасынан 

  

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0