«Қазақстанға құрметің қайда?»: Әнұран ойнағанда қолын қалтасына салып тұрған спортшы кешірім сұрады (ВИДЕО)

Ақпан 18, 2025 - 16:24
Ақпан 18, 2025 - 17:05
«Қазақстанға құрметің қайда?»: Әнұран ойнағанда қолын қалтасына салып тұрған спортшы кешірім сұрады (ВИДЕО)

Қол күресінен Өзбекстанда өткен әлем кубогінде бақ сынаған қазақстандық София Аверьянова жеңімпаз атанды. Алайда, ол салтанатты марапаттау рәсімінде еліміздің Әнұраны ойнағанда ол бір қолын қалтасына салып тұрған. Ал оның жанында тұрған екінші спортшы тіпті қолын жүрегіне қоймаған, деп жазады Sadaq.kz.

Видеоролик әлеуметтік желіде тараған соң желі қолданушылары қос спортшыны қатаң сынай бастады. Осыдан кейін София Аверьянова дереу кешірім сұрап, өзінің бұл әрекетін толқығаннан деп түсіндірді.

«Құрметсіздік танытып, қолын қалтасына салып тұр», «Қазақстанға құрметің қайда?», «Легионерлер сияқты, біздің әнұранымызға түкіріп қойыпты», «Өз еліңнің әнұранын құрметтеу керек», – деп жарыса жазды желідегілер.

Спортшы София Аверянова өзінен қателік кеткенін айтты.

«Мен Әнұран қосылған кездегі әрекетім үшін кешірім сұраймын. Менің жаман ойым болған жоқ. Мен құрметсіздік көрсеткім келген жоқ. Мұқият болуым керек еді. Бұл құрметсіздіктің белгісі екенін білген жоқпын. Екінші спортшының қолын жүрегіне қоймағанына қатысты айтатын болсам, ол жарыс кезінде қолын жарақаттаған. Сол себепті физикалық тұрғыда қолын көтере алмайтын еді. Болашақта мұқият әрі құрметті болуға тырысамын. Халықаралық жарыстарда ел намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе, жауапкершілік. Мен үшін қазір қолдау өте маңызды», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow