Қазақстанның негізгі ұстанымы тату көрші және бейбітшілік деген ұғымдарға негізделген

Наурыз 23, 2025 - 16:31
Сәуір 10, 2025 - 16:31
Қазақстанның негізгі ұстанымы тату көрші және бейбітшілік деген ұғымдарға негізделген

Бүгінде тәуелсіз Қазақ елінің негізгі ұстанымы – тату көрші, бейбітшілік деген ұғымдарға негізделген. Сондай-ақ осы мақсатта өзге елдермен және халықаралық ұйымдармен әскери ынтымақтастыққа қатты мән беріп келеді, деп хабарлады sadaq.kz.

Қазақстанның әскери ынтымақтастығы негізінен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, аймақтық тұрақтылықты нығайтуға және халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған. Әрі бұл міндеттемелерін еліміз үлкен абыроймен атқарып отыр.

Тәуелсіз қазақ елінің негізгі серіктес елінің бірі – Ресей болып отыр.

Ресей – Қазақстанның әскери саладағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі. Екі ел арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер бар. Ресейден қару-жарақ пен әскери техника сатып алынады, бірлескен жаттығулар өткізіледі. Мәселен, Ресейден С-300 зениттік-зымыран кешендері, Т-72 танктерін алып отырмыз. 
Сонымен қатар, Байқоңыр ғарыш айлағы және Сарышаған полигоны сияқты нысандар екі елдің әскери-ғарыштық ынтымақтастығының маңызды бөлігі болып табылады.

Қытай

Қытаймен әскери ынтымақтастық ШЫҰ аясында және екіжақты келісімдер негізінде дамып келеді. Екі ел терроризмге және трансшекаралық қылмысқа қарсы күресте бірлесіп жұмыс істейді. Соңғы жылдары Қытай Қазақстанға әскери техника жеткізу және әскери білім беру саласында ынтымақтастықты кеңейтуде. Бүгінде Қытайдан Y-8 ұшақтары алу мәселесі жолға қойылып жатыр.

Түркия

Түркиямен әскери ынтымақтастық соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Қазақстан түрік өндірісінің “Байрактар” ұшқышсыз ұшақтарын сатып алды, сонымен қатар екі ел әскери білім беру және бірлескен жаттығулар саласында ынтымақтасады. Түркияның әскери тәжірибесі және технологиялық әлеуеті Қазақстан үшін маңызды серіктестік бағыты болып табылады.

АҚШ және батыс елдері

АҚШ-пен әскери ынтымақтастық әскери білім беру, киберқауіпсіздік және бітімгершілік операцияларға дайындық салаларында жүзеге асырылады. Қазақстандық әскери қызметшілер АҚШ-тың әскери оқу орындарында білім алады, ал бірлескен жаттығулар әскери әлеуетті арттыруға ықпал етеді. Ұлыбритания, Франция және Германия сияқты Еуропа елдерімен де әскери байланыстар дамып келеді. Осы бағытта шетелдік серіктестермен әскери технологияларды бөлісу және жергілікті өндірісті дамыту бойынша да біршама іс жүргізіліп отырғанын атап өту керек.

Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанмен әскери ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлескен жаттығулар өткізіліп, шекаралық қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес мәселелері талқыланады. Орталық Азия елдерінің әскери әлеуетін нығайту аймақтық тұрақтылық үшін маңызды деп саналады.

Қазақстанның өзге елдермен әскери ынтымақтастығы – ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы. Халықаралық ұйымдармен және жекелеген мемлекеттермен серіктестікті дамыта отырып, Қазақстан өзінің әскери әлеуетін нығайтып, халықаралық аренада сенімді әріптес ретінде танылуда. Сондай-ақ бұл ынтымақтастық елдің қорғаныс қабілетін арттыруға үлкен үлес қосары сөзсіз. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow