«Кенже балаңа асықтың ба?»: Әнші Qanay отбасындағы қайғымен бөлісті

Қаңтар 19, 2026 - 20:34
 0  28
«Кенже балаңа асықтың ба?»: Әнші Qanay  отбасындағы қайғымен бөлісті
Фото: qanay.913 парақшасынан

Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасында орын алған ауыр қайғыны көпшілікке жеткізді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Әншінің әкесі Амандос Қанаев 55 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті.

«Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау. Кенже балаңа асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Кешірші, папау. Қаралы хабарды анашыма айтпай ауылға ұшырып жібердім. Атырауға, Құлсарыға жеткен соң хабар айтамыз деп шештік. Өзі әрең жүр еді», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Нұрболат Қанай бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде 2003 жылы дүниеге келген інісінен айырылғанын айтып, сол қасіретті кезеңді еске алған болатын.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0