Қызылорда облысында полицейдің мүрдесі табылды

Қыркүйек 1, 2026 - 11:24
chat_bubble  0 visibility  7
Қызылорда облысында полицейдің мүрдесі табылды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысының Арал ауданында полиция қызметкерінің мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

— Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болды. Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр, — делінген хабарламада.

Бұған дейін күдікті отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқықбұзушылықтары үшін қайтыс болған учаскелік инспектор тарапынан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.

Айта кетейік, 29 маусым күні Алматы облысының Ұзынағаш ауылында ерлер әжетханасынан 21 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0