ҚМДБ Құрбан айт күнін бекітті
Мереке 8 маусым, жексенбіге дейін жалғасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылғы Құрбан айттың бірінші күні — 6 маусым, жұма күні болатынын мәлімдеді.
Мереке 8 маусым, жексенбіге дейін жалғасады.
Осылайша, маусымның алғашқы аптасында қазақстандықтар үш күн қатарынан — 6, 7 және 8 маусымда демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 7 маусым (сенбі) жұмыс күні болуы мүмкін.
Құрбан айт пен Ай күнтізбесі
ҚМДБ мәліметінше, исламдағы қасиетті күндер мен айлар Ай күнтізбесіне негізделеді. Жаңа айдың тууы кейде 29, кейде 30 күнге созылуы мүмкін.
«27 мамыр күні жаңа ай туғандықтан, Зүл-хижжа айы 28 мамырда басталды. Сәйкесінше, Арафа күні — 5 маусым, ал Құрбан айт — 6 маусым деп бекітілді», – деді Діни басқарма.
Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мейрамы
Құрбан айт — ислам күнтізбесінің Зүл-хижжа айының 10-күні атап өтілетін ең маңызды діни мейрамдардың бірі. Бұл күні мұсылмандар:
Таңертең айт намазын оқиды
Құрбандық шалады
Жақындары мен мұқтаж жандарға қол ұшын созады
Айт намазының уақыты күннің шығуына байланысты әр өңірде әртүрлі белгіленеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






