«Көбірек қасында болмадым»: Сәкен Майғазиев марқұм анасы туралы жазба жариялады

Өнер иесі бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Қазан 19, 2026 - 12:14
 0  13
«Көбірек қасында болмадым»: Сәкен Майғазиев марқұм анасы туралы  жазба жариялады
Фото: Әлеуметтік желі

Әнші Сәкен Майғазиев өмірден өткен анасына жүрек тебірентерлік жазба жариялап, сағынышпен еске алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Өлім – хақ. Әрбір тіршілік иесі өлімнің дәмін татады. Алайда, анашым сияқты өнегелі өмір сүріп, ғибратты ғұмыр кешіп, АЛЛА тағаланың бұйырған бес парызын бұлжытпай орындап, ата-ана, ата-ене, адал жардың разылығын алып, он құрсақ көтеріп, Майғазы атамнан тараған төрт ұлдың ұрпақтарының барлығын бауырына басып, емізіп, сосын бейнетінің зейнетін көрген аналардың бірі біздің анамыз. Қайғымызды бөлісіп, көңіл айтып жатқан қара ормандай қалың қазағыма, алыс-жақын шет елдегі бауырлас халықтарға Алла разы болсын.  Барша нәзік жандарға, әпке-қарындастарыма, жеңге, келіндеріме, жұбайыма, қыздарыма біздің анамыздың ақ жолын, әдемі жасын нәсіп етсін. 

Адам баласы о дүниеге барғанда «Неге көбірек жақсылық жасамадым, неге көбірек құлшылық қылмадым, неге көбірек садақа бермедім» – деп өкінеді екен. Бір күн уақытым болса ауылға барып анашымның көңілін табуға қанша тырысып жүрмін десем де, «Неге бұдан да көбірек қасында болмадым» – деген өкініш өзегіңді өртейді екен. 

Сол үшін анасы бар адамдар, қазір қоңырау шалып, хәлін біліп, денсаулығына көңіл бөліп қойыңыздар. Алллаға шүкір, анамның “Балам, саған разымын”, деген сөзін бірнеше рет естіген бақытты перзенттердің бірімін. Соның өзі жүрегіме жұбаныш, жаныма медеу. Күллі қазақтың анасына айналған ақ мамам, жаныңыз жәннаттың төрінде шалқысын. Алланың мейіріміне бөленіп, Пайғамбарымыздың шапағатында болыңыз»,– деп жазды әнші.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0