Көшпенділер ойыны: Қырғызстан Қазақстанның жеңісін мойындады
Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпыкомандалық медальдық есебінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзовтің айтуынша, ойындар жоғары деңгейде өтіп, үлкен спорттық мерекеге айналды.
Әсіресе көк бөрү және жер улак жарыстары тартысты өткен. Бұл сайыстарда Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары жоғары шеберлік көрсеткен.
Асқат Алагөзов медальдарды есептеу кезінде техникалық сәйкессіздік болғанын мәлімдеді. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медалін жеке-жеке есепке алу туралы шешім қабылдады.
Нәтижесінде қайта есептеуден кейін Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.
Ол Қырғызстан спортшыларының да лайықты өнер көрсетіп, күш-жігері мен шеберлігін танытқанын атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0