Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа басшы келді

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның («АМӨЗ» ЖШС) Бас директоры лауазымына Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Су жаңа бас директорды кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Аппарат басшысы Әлімұхаммед Құттұмұратұлы таныстырды.
Қ. Бишімов әр жылдары кеден органдарында, ҚР Экономика және сауда министрлігінде, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК-да жұмыс істеді. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ Бас директоры, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
Соңғы лауазымы - «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС Бас директоры.
ҚМГ басшылығы АМӨЗ жаңа бас директорының алдына операциялық тиімділікті арттыру, ашық түсті мұнай өнімдерінің шығымдылығын арттыру, өндірістік процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігін арттыру, экологиялық жобаларды одан әрі іске асыру, 2025 жылы жоспарлы-алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізу және қызметкерлер үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау жөнінде нақты міндеттер қойды. Зауыттың тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуінің маңыздылығы атап өтілді.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен "АМӨЗ" ЖШС бұрынғы бас директоры (Басқарма төрағасы) Жусанбаев Ғалымжан Омарұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






