Құлдықта болған Назгүл мен Құндызға берілген үй өзге адамға сатылып кеткен

Блогер Ілияс Сариевке қатысты тағы бір былықтың беті ашылды.

Сәуір 18, 2025 - 15:25
Сәуір 18, 2025 - 16:23
Құлдықта болған Назгүл мен Құндызға берілген үй өзге адамға сатылып кеткен

Блогер Ілияс Сариевке қатысты тағы бір былықтың беті ашылды. Ол Түркістан облысында 17 жыл бойы құлдықта болған Назгүл мен Құндызға сыйланған үйді басқа біреуге сатып жіберген, деп хабарлады sadaq.kz.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай мәлім етті.

"2022 жылдың жаз айында Ілияс Сариев «Елге көмек» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинаған.

Кімнің есепшотына десеңіздер, айтайын. Әлгі ММ ТРАВЕЛДІҢ ИЕСІ Ақтоты Болатқызының қалтасы майланған. «Елдің үйі» деген тамаша атты иеленген баспанаға секунд сайын қалың қазақ қомақты сомма салған», - деп жазады Р.Өтепбай.

Журналист үйдің құрылысы қашан бітетінін білу үшін Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылына барып қайтқан. Алайда ол жердегі жұмысшылар Сариевтің үйді Марсбек деген кісіге сатып жібергенін айтқан. Сонымен қатар, құрылыс біткен соң қонақүй болатынын айтқан.

Кейін Руслан Өтепбай Krisha.kz сайтында Құндыз бен Назгүлге берілу тиіс баспана 45 млн теңгеге сатылымға шығарылғанын анықтады.

Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айында Ілияс Сәриев есімді блогер жігіт апалы-сіңілі қыздарға баспана кілтін табыстаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow