Луврдағы тонау: мұражай шығыны 88 миллион еуроға бағаланды

Қазан 22, 2025 - 10:22
Луврдағы тонау: мұражай шығыны 88 миллион еуроға бағаланды

Париж прокуроры Лора Бекконың айтуынша, өткен жексенбіде Лувр мұражайынан ұрланған бағалы жәдігерлердің жалпы құны 88 миллион еуро болып бағаланған, деп хабарлайды Kazinform.

Лувр кураторы залалды 88 миллион еуро деп бағалады, – деді прокурор RTL телеарнасына берген сұхбатында.

Ол бұл соманы «ерекше елең етерлік» деп атап өтті, дегенмен «бұл материалдық шығынды тарихи шығынмен еш салыстыруға келмейді» деген ойын жеткізді прокурор.

Оның айтуынша, қылмыскерлер бұл бағалы бұйымдарды қайта балқытып, сатқан жағдайда да мұндай ірі сомаға ие бола алмас еді.

– Олар мұндай әрекетке барса, өздеріне де, адамзаттың мәдени мұрасына да үлкен зиян келтірер еді, – деп түсіндірді Бекко.

Қазіргі таңда Париж прокуратурасы ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді анықтау және қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеу бағытында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Парижде Лувр мұражайында бағалы бұйымдар ұрланғаны хабарланған еді.

Франция президенті Эмманюэль Макрон Луврдағы зергерлік бұйымдардың ұрланғанына жауап беріп, олардың қайтарылып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.

 https://kaz.inform.kz/news/luvrdagi-urlik-murazhay-shigini-88-million-euroga-bagalandi-4721d9/

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow