Маңғыстау облысында 15 жыл бұрын салынған мектептің шатыры опырылып түсті (видео)

Шілде 23, 2025 - 16:22
Шілде 23, 2025 - 16:27
Маңғыстау облысында 15 жыл бұрын салынған мектептің шатыры опырылып түсті (видео)
Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында мектеп-гимназия ғимаратының акт залының шатыры опырылып түсті, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 23 шілдеде таңғы сағат 6:00 шамасында болған. Қираған кезде ғимаратта ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Мәліметке сәйкес, опырылып түскен аумақ 250 шаршы метрді құрайды.

Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, мектеп ғимараты 2009 жылы салынып, пайдалануға берілген. Қазір мұнда 1200-ден аса бала білім алады екен.

“Қазір оқиға орнына арнайы сарапшылар шақырылып, қажет тексерулер мен сараптамалар жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды.  Бағалау нәтижелері мен алдағы жөндеу жұмыстары туралы толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады”, – делінген хабарламада. 

Ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов комиссиямен бірге оқиға орнына жүр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow