Маңғыстауда зират басына қойылған мәрмәр тастар ұрланып жатыр

Қыркүйек 4, 2025 - 10:44
Қыркүйек 4, 2025 - 11:03
Маңғыстауда зират басына қойылған мәрмәр тастар ұрланып жатыр

Маңғыстау облысында зират басына қойылған мәрмәр тасты біреулер ұрлап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Әлеуметтік желіде бір әйел адамның халыққа үндеу жариялаған бейнежазбасы тарады. Ол 45 жыл отасқан күйеуінің басына барған кезде орнатқан мәрмәр тастың жоқ екенін көрген соң қатты күйінген.

«Былтыр қайтыс болған жолдасымның жыл садақасын дайындап келіп-кетейінші деп келсем, мынандай жағдайға тап болдым. Онсыз да адамдар бір-бірімен қырылып жер бетіне сыймай жүргенде, жер астында тыныш жатқан адамды жайына қоймағандарың не сұмдық? Мына мәрмәрді алып кеткен жігіттер, өздеріңе сондай ауыр күнә артып алдыңдар», – деді әйел. 

Әйелдің сөзінше, ұрылар тек қана 1 адамның ғана емес, бірнеше адамның моласына тонаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow