«Бэтмэн депутат» атанған Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ақпан 24, 2025 - 15:18
Ақпан 24, 2025 - 16:41
«Бэтмэн депутат» атанған Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды
t.me/shymkentgov

Шымкент әкімінің орынбасары болып Руслан Берденов тағайындалды.

Оның кандидатурасы президент әкімшілігінде мақұлданды. Бұл тағайындауға дейін ол Парламенті мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты қызметін атқарды. Руслан Берденов Respublica партиясы фракциясының мүшесі. 

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Қазақстан парламентінен кетіп, Шымкентке лауазымды қызметке барады деген сыбыс тараған еді. 

«Бэтмэн депутат» демекші, осыдан бір жыл бұрын Руслан Берденовтің әйгілі комекс кейіпкері Бэтменнің костюмін киіп алып, биіктігі  311 метр болатын «Әбу-Даби Плаза» ғимаратының төбесінде тұрған видеосы тараған болатын. 

Жұрт арасында қызу талқыланған видеоны бейнеоператор Әділет Рахметолла жариялағанымен, көп ұзамай онысын өшіріп тастаған еді.

 Бір қызығы, Берденов мырзаның «Абу-Даби Плазаның» төбесіне не үшін шыққаны әлі күнге дейін түсініксіз болып қалып отыр. Бұл туралы депутаттың өзінің немесе партияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында сол күйі ешқандай ақпарат берілмеді.

Тек кейбір дерек көздері 1 маусым – балалар мерекесіне орай осындай қадамға баруы мүмкін екенін айтып жатты. 

Әрине, Руслан Берденовтің бұл қылығы жақсы пиар болмады. Желі қолданушылары депутаттың бұл әрекетіне сынап, «еріккен депутат» деп баға беріп,
«Депутаттар осылай жүрсе, жастарға ұрысуымыз дұрыс емес», «еріккен», «не істерін білмей жүрсе халыққа көмектессін», деп пікір жазғандар болды.

Айтпақшы, журналист Дәурен Дариябек Respublika партиясының депутатының бұл тірлігін инфантилизм ге теңеген.

Википедия мәліметтерінде инфантилизм сөзіне балалық, ақыл-ой дамуының кері кетуі, тежелуі) — адам психологиясының қалыпты жағдайынан ауытқуы деген анықтама беріліпті.

Жасы егде тартқан кей адамдардың ой-өрісі мен іс-әрекеті балаға ұқсап, өздерін бала сияқты сезінуі. Кәдімгі адамдар шынайы өмірді нақты түсініп, есейген сайын ақыл-ойы толыса берсе, инфант адамдар өз қиялымен, еш уайымсыз, ешбір жауапкершіліксіз өмір сүреді. Олар әрдайым өзгелердің көмегіне, кеңестеріне мұқтаж. Бұл дертке шалдыққан адамдардың өмірге көзқарасы бала кезіндегідей болып, ақыл-есі кері кетеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow