Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Сәуір 23, 2025 - 11:57
 0  42
Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлады, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

"Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады", – делінген мемлекет басшысының құттықтауында.

Еске салайық, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0