«Мен болмасам, Ресейде картоп теріп жүре берер едің»: Рыбакинаны қорлаған жаттықтырушы жұмыстан кетті

Ақпан 12, 2025 - 16:46
«Мен болмасам, Ресейде картоп теріп жүре берер едің»: Рыбакинаны қорлаған жаттықтырушы жұмыстан кетті
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен бірге жұмыс істеген хорватиялық жаттықтырушы Стефано Вуков спортшыға психологиялық қысым жасауына байланысты даудың ортасында қалды, деп жазады Sadaq.kz.

The Athletic басылымының мәліметінше, әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) тергеуіне сәйкес, Вуков мінез-құлық кодексін бұзғаны үшін қызметтен шеттетілді. Іс материалдарында оның Рыбакинаға психологиялық тұрғыда қысым көрсетіп, спортшыға «мен болмағанда, сен әлі Ресейде картоп теріп жүрер едің, мисыз», деген ауыр сөздер айтып қорлағаны көрсетілген. 

Қызметінен шеттетілгеннен кейін де Вуков қысым жасауды тоқтатпаған: WTA есебінде ол жұмысты уақытша тоқтата тұру аясында спортшымен байланысуға қатысты тыйымды бұзғаны айтылған.

3 қаңтарда WTA Вуковты қызметтен ресми түрде алып тастады және 11 ақпанда тергеуді аяқтап, бұрын қабылданған шешімді растады. Осылайша, Хорват маманы санкция астында қалды және енді WTA турнирлер аясында жұмыс істей алмайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow