Министр шорт-трекшілерімізді тарихи алтынмен құттықтады

Ақпан 9, 2025 - 14:15
Министр шорт-трекшілерімізді тарихи алтынмен құттықтады
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов шорт-тректен тарихи алтын медаль жеңіп алған ерлер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Бұл жүлде – Қазақстанның қысқы Азия ойындарындағы шорт-трек тарихындағы алғашқы алтыны.

ҚР Туризм және спорт министрі Қазақстан құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесімен құттықтап, бұл жеңістің ел спорты үшін маңызын атап өтті.

"Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасын тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін отандастарымыз барша жанкүйерді шаттық пен қуанышқа бөлеп, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Қытай төрінде әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз биікте желбіреді. Бұл жүлденің біз үшін маңызы зор. Өйткені бұл — Қазақстанның шорт-трек спорты тарихындағы қысқы Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медаль. Жеңіс жолында еңбек еткен жаттықтырушылар құрамына да ерекше алғысымды білдіремін", деді Мырзабосынов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow