«Мұғалімдердің абыройына нұқсан келді»: «Азия» тобы «Milfa» әні үшін кешірім сұрады

Бейнебаянда Дильназ Ахмадиева қазақ тілі мұғалімінің рөлін сомдайды. Ал әннің мәтінінде «Мен қандай тәте? Тәте деген – қате, тым болмаса милф деп ата» деген жолдар бар.

Қазан 19, 2026 - 14:07
 0  8
«Мұғалімдердің абыройына нұқсан келді»: «Азия» тобы «Milfa» әні үшін кешірім сұрады
фото: видеодан скриншот

Әнші Дильназ Ахмадиева «Азия» тобымен бірге «Milfa» атты жаңа әнін шығарды. Алайда әннің мәтіні мен бейнебаяны әлеуметтік желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Клипте әнші қазақ тілі мұғалімінің рөлін сомдайды. Ал ән мәтініндегі «Тәте деген – қате, тым болмаса милф деп ата» деген жолдар желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Кейбірі мұғалім бейнесінің бұлай көрсетілуін орынсыз деп бағалады.

Осыған байланысты топ мүшесі Ринат Басит түсініктеме беріп, кешірім сұрады. Ол ешкімді ренжіту немесе құрметсіздік таныту мақсаты болмағанын айтып, туынды біреудің көңіліне тисе, кешірім өтінді.

Сондай-ақ колледж басшылығының зардап шеккенін қаламайтынын жеткізді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0