«Мұнысы дұрыс болмады»: Мақпал Жүнісованың орысша сөйлеген қызы жұртқа жақпай қалды

Ақпан 17, 2025 - 11:53
Ақпан 17, 2025 - 11:56
«Мұнысы дұрыс болмады»: Мақпал Жүнісованың орысша сөйлеген қызы жұртқа жақпай қалды

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісованың қызы Мерейдің орысша сөйлегені жұртқа жақпай қалды, деп жазады Sadaq.kz.

Әнші қызының көлікте «Мен қазақпын» әнін айтып келе жатқанын видеоға түсіріп Инстаграмдағы әлеуметтік желісіне салған. Видеода кезекті ән басталғанда әншінің қызы Мерейдің «о, моя песня» деп эмоциясын білдіретін тұсы бар. 

Оқырмандардың бірі әншіге «Мен қазақпын» деп алып, соңында «моя песня» дегені дұрыс болмады. Көшеде орысша сөйлей ме?» деп сауал тастаған. Оған Мақпал Жүнісова «Жұмысында қазақтар аз, көбіне орысша, ағылшынша, үйде қазақша сөйлесеміз, қыз түгілі менің өзім де орысша сөйлеп кетемін кейде. Ауру қалса да, әдет қалмайды екен. Бастысы, 99 пайыз қазақша сөйлесеміз» деп жауап берген. 

Ал, әншінің фанаттары «Ақталмаңызшы, онда тұрған ештеңе жоқ, бәріміз де солай аралас сөйлесе береміз», «Неге бір сөзді іліп алып кетесіздер? Ағылшынша да, орысша да судай. Неше тілде сөйлеймін десе де, өзі біледі», «Қазаққа қазақ жау», «Тырнақ астынан кір іздемейік, бәрімізде бар ондай. Қыстырмасыз сөйлейтін қазақ аз» деп қолдау білдірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow