«Мұздап қалған»: Босанған әйелдің шақалағы абайсызда дәретханаға құлап кетті (ВИДЕО)

Өзбекстанда тәртіп сақшылары дәретхананың канализациясына түсіп кеткен сәбиді құтқарып қалды. Оқиға Самарқанд облысының Нұрабад ауданындағы жедел медициналық жәрдем қызметінің дәретханасында болған, деп жазады NOVA24.uz сайты.
Жүкті әйел дәретханаға кірген бетте аяқ астынан толғағы қысып, абайсызда босанып қойған. Ол сол жерде есінен танып қалған, ал шақалақ кәріз шұңқырына құлап кетіп, сол жерде кептеліп қалған.
Төтенше жағдайлар қызметі келгенше, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шұңқыр қазып, бір сағаттан кейін баланы алып шығып, дәрігерлерге дереу тапсырған. Куәгерлердің айтуынша, сәби тірі қалды.
Жауапты органдар оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?






