Науқастармен қазақша сөйлескенді қалаймын - нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев

Танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев өзге елден жоғары жалақы мен жағдай ұсынған шақыртуларды қабылдамай, Қазақстанда қалуды жөн көріп отыр. «Басқа елде сандалып жүргенше, өз жеріңде ісіңді дамытуға болады» деген дәрігер науқастармен қазақша сөйлесуді — басты артықшылық деп санайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Кезінде Сталиннің айтқан сөзі бар ғой: “Жақсы дәрігерді халық асырайды, жаман дәрігер бізге керек емес”. Шетелге барсаң, шетелдіктерді емдеуің керек болады. Ал мен науқастармен қазақша сөйлескім келеді», – деді ол "Ой-лайық" ютуб арнасына берген сұхбатында.
Бердіқожаевтың сөзінше, Ташкенттен жұмысқа шақырту алғанына қарамастан, ол елден кетуді қаламайды.
«Маған “жағдайыңды жасап береміз” деп әлі де айтып жүр. Бірақ басқа елге кетіп, өзгенің жүйесінде жүруден гөрі, Қазақстанда өз ісіңді қалыптастыру маңыздырақ. Мемлекеттік емханаларға барғым келмейді. Егер жеке клиника ашуға немесе жеке секторда жұмыс істеуге мүмкіндік болса, тәуекел етіп көруге болады», – деді дәрігер.
Оның пікірінше, дәрігердің нағыз миссиясы — өз халқының денсаулығына қызмет ету.
Сіздің реакцияңыз қандай?






