Нигерияда 17 бала тірідей өртеніп кеткен

Денесін күйік шалған тағы 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді.

Ақпан 7, 2025 - 16:30
 0  54
Нигерияда 17 бала тірідей өртеніп кеткен

Нигерияның солтүстік-батысында түн ортасында мектеп өртеніп, шырт ұйқыда жатқан 17 оқушы тірідей өртеніп кеткен, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға Замфара штатының Каура Намода ауданында болған. Денесін күйік шалған тағы 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді.

«Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Елдің Төтенше жағдайлар агенттігі тергеуді бастады», — деп жазылған мәліметте.

Нигерия президенті Бола Тинубу қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтқан. Өрт кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған.

«Түнгі 2-де қалың ұйқыда жатқанда есікті біреу қағып, «Өрт, өрт!» деп айғайлағанынан шошып ояндым. Жалма-жан тұрып, далаға атып шықтық. Мектептің төбесі өртке оранған екен. Адамдар іштегілерді құтқарып жатты», — деген мұғалім Халифа Абубакар.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 3
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0