Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік алдына шықты

Қазан 22, 2025 - 11:14
Қазан 22, 2025 - 11:35
Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік алдына шықты
фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы мұражайда көпшілікке көрінді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік алдына шықты. Ол Астанадағы Тұңғыш Президент мұражайында балалармен бірге экскурсия жасап жүрген жерінен байқалған.

Әлеуметтік желілерде тараған суреттерге қарағанда, Назарбаевтың көңіл күйі жақсы. Ол мұражайға келген оқушылармен және олардың ұстаздарымен бірге естелік суретке түскен.

Аталған мұражай Астана қаласында, Тұңғыш Президенттің бұрынғы резиденциясының ғимаратында орналасқан. Мұнда оның жеке заттары, әр жылдары алған сыйлықтары және мұрағаттық материалдары жинақталған.

Айта кету керек, бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы уақыттағы көпшілік алдына сирек шығуының бірі болып отыр. Осыдан бірнеше ай бұрын ғана ол елордадағы мешіттердің біріне барған болатын. Сондай-ақ, бұған дейін оның Ресей Президенті Владимир Путинмен кездескені де хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow