«Олар балаң барына да қарамайды»: Қазақ актрисасы өзге ұлт өкілінің етегінен ұстайтынын айтты

Қыркүйек 3, 2025 - 09:50
Қыркүйек 3, 2025 - 10:28
«Олар балаң барына да қарамайды»: Қазақ актрисасы өзге ұлт өкілінің етегінен ұстайтынын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Танымал актриса Әсел Асқар жеке өміріне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Актриса әрі блогер шетелдік азаматтың етегінен ұстайтынын ашып айтты.

"Қазақтың жігіті бұйырмады. Екі рет талпынын көрдім, өздеріңіз куәсіздер. Келіспейді екен. Енді тез арада дене бітімімді қалыпқа келтіріп, төсімді жасатуым керек. Жасару қажет. Алайда шетелдік жігіттері жасқа қарамайды. Қанша балаң барына да мән бермейді.

Кеттім Мадридке. Не істей аласыңдар маған? "Ойбай, кете бер, кімге керексің" деп жазбаңдаршы, өтінемін. Әлем аруы болған испандық қыз келсе, өздерің де жүгіресіңдер", - деді ол. Әсел Асқардың бұлай айтуына "Реал Мадрид" ойыншыларының Алматыға келетіні себеп болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow