Оралдық өрт сөндіруші Жан-Клод Ван Даммның әйгілі трюгін қайталады (ВИДЕО)

Оралдық өрт сөндіруші әйгілі актер Жан-Клод Ван Даммның танымал трюгін қайталап, 2 өрт сөндіретін көліктің үстінде шпагатқа отырды, деп хабарлады Sadaq.kz.
Әлеуметтік желіде құтқарушының әрекеті таспаланған видео көпшілікті тәнті етті.
“Бұл өрт сөндіру көлігі импорт емес. Бұл – инженерлеріміз бен жұмысшыларымыздың еңбегінің нәтижесі. Өзіміздің өндіріс. Қазақстанның көшелері мен жолдарына, өз құтқарушыларымыз үшін арнайы жасалған”, – делінген видео астындағы жазбада.
Арнайы техника шығаратын зауыт өкілдері трюктың аса қауіпті екенін және оны кез келген адам өздігінен қайталауына болмайтынын қатаң ескертті.
Трюк кәсіби каскадёрдің көп жылдық тәжірибесімен, толық бақылаудағы және қауіпсіз жағдайларда, мамандардың қадағалауымен орындалғанын ерекше атап өткіміз келеді. Қатысушылардың қауіпсіздігі – біздің абсолютті басымдығымыз болды. Бұл бейнеролик «УАРМ» АҚ-ның бастамасымен қазақстандық өрт сөндіру техникасын насихаттау және танымал ету мақсатында жүзеге асырылды. Біз тек әсерлі көріністі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда өндірілетін техниканың мүмкіндігін көрсетуді мақсат еттік,- деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






