«Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім»: 38 жастағы әйелдің тұсауын кескен депутат өз әрекетін ақтады

Сәуір 16, 2025 - 17:18
«Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім»: 38 жастағы әйелдің тұсауын кескен депутат өз әрекетін ақтады
Фото: instagram/daulet_mukayev

38 жастағы әйелдің тұсауын кесіп, қызу талқыға түскен депутат Дәулет Мұқаев мән-жайды түсіндірді. Оның сөзінше, тұсау кесіп жүргеніге 10 жылдай уақыт болған көрінеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

“Неше түрлі пікірлерді әрине, жазып жатады. Осы уақытқа дейін 36 жастағы әйелдің тұсауын кесті деді. Ол кісі “мен сүріншекпін, тұсауым ала жіппен кесілмеген, жай ғана ырымын жасап беріңізші” деді. Әлеуметтік желіде де көп жазып жатады. Мен оларға кішкентай баланың ғана тұсауын кесетінімді айтамын. Ал жолын жайып қойып, жібін ұстап тұрғаннан кейін мен одан бас тарта алмадым, – деп ақталды депутат. 

Депутат тұсау кесетінін жария ету әбестік, оғаш қылық санамайтынын жасырмады.

“Екіншіден, осыны көріп өзге ұлттың азаматтары да біздің қазақтың дәстүріне сіңісіп жатқанын көремін. Осы уақытқа дейін орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім. Одан бір теріс нәрсе іздеудің қажеті жоқ. Жұмыс жұмысымен, ал мұның бәрі жұмыстан тыс демалыс уақытында жасалып жатқан әрекет, – дейді Дәулет Мұқаев.

Ал журналист Гүлбану Әниятқызы бойжеткеннің тұсауын кесіп, айды аспанға бірақ шығарған депутат Дәулет Мұқаевтың бұл әрекетін әбден сынады.

«Тұсауын кесіп, іш киімін қаттап жүре бермей ме? Мандатын елдің мәселесін шешетін басқа біреуге беріп. Не мынау?», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow