«Өз күйеуің қалай зорлайтынын қайдан білейін. Өзінің жекеменшігінен адам рұқсат сұрайтын ба еді?»: ҚР саяси сарапшы қыздарды кемсітіп пікір жазған

Сәуір 21, 2025 - 16:11
Сәуір 21, 2025 - 17:05
«Өз күйеуің қалай зорлайтынын қайдан білейін. Өзінің жекеменшігінен адам рұқсат сұрайтын ба еді?»: ҚР саяси сарапшы қыздарды кемсітіп пікір жазған

Қазақстандағы саяси институттың сарапшысы Ерсұлтан Жансейітов даудың астында қалды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Атап айтқанда, Ерсұлтан Жансейітов @natlusre_zh атты аккаунт арқылы әйелдерді келемеждеген, ар-намысына тиетін пікірлер жазды деген күдікке ілінді.

Threads әлеуметтік желісінде Ерсұлтан Жансейітов аяғы ауыр келіншектің ауыр жазбасына мазақ етіп, пікір жазған.

«Өз күйеуің қалай зорлайды сонда? Өзінің жекеменшігінен адам рұқсат сұрайтын ба еді», - деп жазған ол.

Сондай-ақ ол жазбалардың астына жазылған пікірлерде өзге әйелдермен сөз таластырып, жеке басқа тиетін дүниелерді тізген.

«Жезөкшелердің сендерге қарағанды ұяты бар, адал. Бір салада жүрсіңдер. Ақшасы жоқ қыздар тек аналарына ғана керек», - деп пікір білдірген Жансейітов.

Айта кетейік, ашық дереккөздерге сүйенсек, Ерсұлтан Жансейітов – Қазақстандағы әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) Қытай және Азия зерттеулері бағдарламасының жетекшісі.

Ол түрлі ақпарат құралдарында сарапшы ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстан төрағалығы және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір білдірген.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow