«Күйік болып қалды»: Атыраудағы қанды оқиғаны туысы өкінішпен еске алды (ВИДЕО)

Сәуір 20, 2026 - 11:23
app_badging Сәуір 20, 2026 - 11:39
chat_bubble  0 visibility  26
«Күйік болып қалды»: Атыраудағы қанды оқиғаны туысы өкінішпен еске алды (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz.

Атырауда болған қанды оқиғаға қатысты марқұмдардың туысы  мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы КТК телеарнасының тілшісі Жанат Жақсыбайқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, марқұмдарға құран бағыштауға барғанын айтты.

«Жангелдин ауылындағы марқұмдарға құран бағыштай барғанмын. Қызметтен бөлек, адами міндет, мұсылмандық парыз. Өзегі өртеніп отырған ағайын-туыстың жанайқайын да тыңдадым. Елге, ауылдас, дос-жаран, қолдаушылардың барлығына алғыстарын білдіріп жатыр. Аңырап қалған ағайынның айтары көп», – деді журналист.

Марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің қарындасы болған жағдайды еске алып, денелері өздері тұрғызған сарайдан табылғаны жанына қатты бататынын жеткізді.

«Жеңгеміз өте тазайын кісі болды, міне мына бесікті қараңыздаршы, үш баласы да осында жатты. Тап-таза күйінде тұр. Ағамыз жаз бойы тас басып, ақша табады, ешкімге алақан жайған жоқ, еңбекқор болды. Денелерін осы сарайдан тапты. Осы жерде жерленген. Сарайдан табылады деп кім ойлаған? Ең болмаса басқа жерге көмсе ғой… Өздерінің тұрғызған сарайына көміп кеткен. Өкінішті жағдай. Күйік болып қалды. Бұл сарайды еңбектеніп тұрғызған еді. Осы жерде шай ішіп, осы жерде демалатын. 60 жасына келгенде осы сарайда дастархан жайды. Ақбаян екеуміз бірге шай құйып, жүгіріп жүрдік», – деді ол.

Еске сала кетейік, Жангелдинде болған қайғылы оқиғада бір отбасының төрт адамы қаза тапты. Бұл қылмысқа сол әулеттің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп танылды. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0