Өзінің «гей» екенін ашық жариялаған имамды белгісіз біреулер атып кетті

Оңтүстік Африка Республикасында әлемге өзінің жыныстық бағдарына қатысты ашық ұстанымымен танымал болған имам Мухсин Хендриксті белгісіз біреулер атып кетті, - деп жазады Sadaq.kz.
Трагедия туралы ақпаратты құқық қорғау органдарынан ресми деректер алған SABC телеарнасы растады.
Полиция капитаны Сандру фон Ренсбургтің айтуынша, оқиға 15 ақпанда Гебех маңында болған. Имам келе жатқан көліктітің алдына басқа көлік кесе-көлденең тұра қалып, белгісіз екі адам автоматтан оқ жаудырған.
Алған жарақатынан діни қайраткер оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
SABC хабарлағандай, тергеу қызметі қылмыстың себептерін әлі анықтаған жоқ. Шабуыл кезінде Хендрикс неке қию рәсіміне бара жатқан, онда ол рухани тұлға ретінде дәріс оқуы керек еді.
Мухсин Хендрикс 1996 жылы өзінің гей екенін ашық жариялаған әлемдегі алғашқы имам ретінде тарихқа енді. Ол өмірін ЛГБТ мұсылмандарын қолдауға арнап, Кейптаундағы мешітте Әл-Гурба қорын құрды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






