Павлодар облысында ауыл әкіміне айыппұл салынды
Павлодар облысындағы ауылдық округ әкімдерінің бірі әкімдік ғимаратында мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы әжетхана болмағаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Halyqstan мәліметінше, Май ауданына қарасты Көктөбек ауылдық округінің әкімі прокуратура ұсынысы бойынша жүргізілген тексерістен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңбұзушылық мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеуге қатысты болған.
Сот отырысында шенеунік әкімдік ғимаратында арнайы санитарлық торап жоқ екенін жоққа шығармаған. Алайда ол заң талаптарынан хабарсыз болғанын және бұған дейін тек қарапайым әжетхана орнатуға қаржы сұрағанын айтқан.
Бірақ сот мемлекеттік мекемелер ғимараттың қай жылы салынғанына қарамастан, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға міндетті екенін атап өтті. Қаржының болмауы да лауазымды тұлғаларды заң талабын орындаудан босатпайды.
Нәтижесінде әкімге 216 250 теңге айыппұл салынды. Ол бұл шешімге шағым түсіргенімен, сот қаулыны өзгеріссіз қалдырды.
Уәкілетті орган өкілінің сөзінше, прокуратура ұсынысында осындай заңбұзушылық анықталған жиырмадан астам нысан көрсетілген. Олардың басшылары да жауапкершілікке тартылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0