Перизат Қайрат құрған қор PlayStation клубқа тіркелген болып шықты

Бүгін сот отырысында куәгер Сергей Матюшенконың жауабы тыңдалды. Ол "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігінің құрылтайшыларының бірі ретінде көрсетілген тұлға саналады, деп хабарлайды sadaq.kz сайты.
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Перизат Қайрат туралы ел естімеген деректер де жарияланған еді.
Матюшенконың сөзінше, Перизат Қайрат одан қорды тіркеуге көмек сұраған болып шықты.
Сол себепті ол ағасының PlayStation клубының мекенжайын уақытша заңды мекенжай ретінде ұсынғанын растап отыр.
Куәгер өз сөзінде қордың қаржылық-шаруашылық қызметіне еш қатысы болмағанын, оны кім жүргізгенін мүлдем білмейтінін алға тартты.
Сіздің реакцияңыз қандай?






