Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады

Қыркүйек 4, 2025 - 12:35
Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады
Фото: әлеуметтік желі

«Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайраттың мүлкі аукцион арқылы сатылады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп жазады sadaq.kz.

- Бүгінге ешқандай өзгеріс жоқ, қадағалап отырмыз. Тиісті аппеляциялық шағым түскен кезде ол жайында білесіздер. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып сатады. Сол қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі, - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, Қайрат Перизат қор есепшотына түскен қаражатты өзі ғана игерген. Қор қаражатын талан-таражға салған басқа тұлғалар анықталған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow