Президент Әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс болды
Орталық коммуникациялар қызметінің басшылығы мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінде кадрлық өзгерістер болды
Мемлекет басшысының өкімдерімен Орталық коммуникациялар қызметінің басшылығы мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ақорданың ресми хабарлауынша, Асқар Қуанышұлы ОмаровҚазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры лауазымынан босатылды.
Ал Қанат Амангелдіұлы ҚұлшымановОрталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.