Прокурор Перизат Қайратқа 10 жыл сұрады

Шілде 22, 2025 - 12:06
Прокурор Перизат Қайратқа 10 жыл сұрады
Фото: видеодан скрин

Прокуратура атышулы іске нүкте қоюды талап етті: қайырымдылық атын жамылып миллиардтаған теңге жымқырды деп айыпталған Перизат Қайратқа 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Сонымен қатар оның мүлкін тәркілеу және 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға тыйым салу жазасын да белгілеуді өтінді.

Айыптаушы прокурор Арман Қизікеннің айтуынша, Перизат Қайраттың кінәсін жеңілдететін ешқандай жағдай табылмаған, керісінше, қылмыс елде төтенше жағдай кезінде жасалғандықтан ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылған.

Тергеу дерегінше, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева үш эпизод бойынша алаяқтық жасаған: балаларға арналған оңалту орталығын саламыз, Палестина халқына және су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесеміз деп халықтан ақша жинаған.

Прокуратура олардың қайырымдылық жолымен жиналған шамамен 3,5 миллиард теңгені иемденіп, кейін заңдастырғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow