«Реанимацияда жатыр»: Қостанайда пациенттердің бірі дәрігерді соққыға жықты

Шілде 17, 2025 - 15:29
Шілде 17, 2025 - 16:07
«Реанимацияда жатыр»: Қостанайда пациенттердің бірі дәрігерді соққыға жықты

Қостанайда пациент дәрігерге қол көтерді. Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға облыстық ауруханада болған.

әКүрделі ота аяқталғаннан кейін хирург қабылдау бөлімшесіне түсіп, кезек тәртібімен науқастарды қабылдауды жалғастырған.

«Кезекте үшінші тұрған науқас агрессивті мінез танытып, дәрігерге соққы жасады. Салдарынан дәрігер есінен танып қалды. Қазіргі уақытта ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде", – деп хабарлады медициналық мекеме.

Аурухана болған жағдайды жай ғана оқиға деп санамайды.

«Бұл – күн сайын адам өмірін арашалап жүргендерге қарсы жасалған қылмыс. Біз әділ тергеу жүргізілуін талап етеміз және медицина қызметкерлеріне құрметпен қарауға шақырамыз. Дәрігерге жасалған әрбір соққы – денсаулық сақтау жүйесіне жасалған соққы. Дәрігерлерде қару жоқ. Олардың жалғыз "қаруы" – білім, қол мен жүрек. Олар солардың көмегімен бізді құтқарады. Оларды да үйінде отбасылары, жақындары тірі және аман-есен күтіп отыр», – деді медицина мекемесінің өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow