Сәкен Майғазиевтің анасымен түскен видеосын желіге жүктеген Кенжебек Жанәбілов сынға қалды

Бірі әншіге көңіл айтып, марқұмның рухына дұға бағыштаса, енді бірі жеке естеліктерді көпшілікке жариялаудың мәніне қатысты сұрақ қойды.

Қазан 19, 2026 - 14:06
 0  7
Сәкен Майғазиевтің анасымен түскен видеосын желіге жүктеген Кенжебек Жанәбілов сынға қалды
Фото: видеодан скрин

«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің анасы туралы жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. МузАрт мүшесі Кенжебек Жанәбілов Сәкеннің марқұм анасының видеосын жариялаған. Өнер иесінің марқұм анасын еске алған жазбасына желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бірі әншіге көңіл айтып, марқұмның рухына дұға бағыштаса, енді бірі жеке естеліктерді көпшілікке жариялаудың мәніне қатысты сұрақ қойды.

Жазбаға пікір қалдырған адам Кенжебек Жәнәбіловке сауал қойып, мұндай естеліктерді әлеуметтік желіде жариялаудың себебіне күмән келтірді.

«Бұны не үшін бұл бауырым салды екен деген ойда мен ғана ма? Хош, бардың, хәлін білдің, бұл дүниелер адамның тек жадында сақталмауы керек пе? Не үшін жария қылып жатырсың?», – деп жазды ол.

Өзге қолданушылар марқұмның жатқан жері жайлы болуын тілеп, көңіл айтты.

Осылайша, ана туралы естелік жазба желіде әртүрлі пікір туғызды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0