Серік Сәпиев орынбасарынан соққы жеген
Қарағанды қаласында спорт саласының басшылары жаға жыртысып қалды деген ақпар тарады. 21 қаңтар күні кешкі уақытта қаладағы Бұқар жырау даңғылы бойында Серік Сәпиевке дене жарақаты салынған, деп жазады Sadaq.kz сайты qrnews.kz-ке сілтеме жасап.
Серік Сәпиев – Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, сондай-ақ Олимпиада чемпионы. Ал жанжалға қатысы бар екінші азамат – оның орынбасары Дәурен Есімханов, ол самбодан Азия және әлем чемпионы ретінде танымал.
Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелді. Қазір жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді.
Оқиғаның нақты неден басталғаны әзірге айтылған жоқ. Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0