«Шалдың аты сияқты»: Жахан Отарғалиев есімін айтудан ұялатынын айтты (ВИДЕО)

Қыркүйек 3, 2025 - 11:13
Қыркүйек 3, 2025 - 11:25
«Шалдың аты сияқты»: Жахан Отарғалиев есімін айтудан ұялатынын айтты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Танымал актер Жахан Отарғалиев есімін айтудан ұялатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бала күнінде танысқан адамдардың күлкісіне қалған. 

“10-11 сынып оқып жүргенде ауылдарға волейболдан жарысқа баратынбыз. Сол кезде қыздармен танысамыз. Жахан десем: “Не дейді, шалдың аты сияқты” деп күлетін. Содан бері атымнан ұялдым. Ешкімге айтқым келмейтін. Үш жыл қиналдым. Мен үшін ауыр комплекс болған”, – деді актер. 

Кино жұлдызының сөзінше, бүгінде атағы шыққан актерге айналғанын мақтанышпен айтатын көрінеді. 

“Есен Елеукен – өнердегі әкем. “Қазір атыңа жұмыс істе, кейін атың саған жұмыс істейді” дейтін. Сол рас екен. Киноларымның арқасында атым таныла бастады. Бәрі мені Жахан деп таниды. Соған қуанамын. Демек, сен жаман деп ойлаған істе сен үшін үлкен хайыр бар екен. Ол негатив те позитив те болуы әбден мүмкін”, – деп жазды кино жұлдызы. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жахан Утаргалиев (@zhahan_johan)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow