Шавкат Рахмонов UFC чемпионымен мамырда шайқасатын болды

Қаңтар 9, 2025 - 17:34
 0  56
Шавкат Рахмонов UFC чемпионымен мамырда шайқасатын болды
Фото: runasport.com

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен UFC чемпионы Белал Мұхаммед арасындағы шайқасы мамыр айында өтеді. Бұл туралы "Спорт Шредингера" телеграм-арнасы хабарлады. 

Жартылай орта салмақта чемпиондық атаққа ие америкалық (тегі – палестиналық) спортшы өз атағын алғаш рет қорғайды. Бұған дейін аяқ саусағына ота жасатуына байланысты Шавкатпен жекпе-жекке шықпаған еді. 

Шавкат UFC 310 турнирінде Иэн Гэрримен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Нәтижесінде чемпиондық атақ үшін шайқасуға мүмкіндігін арттыра түскен еді. Сондай-ақ Белалды октагонда тұрып жекпе-жекке шақырған болатын. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0