«Шексіз байлық пен билік арсыздыққа апарады»: Дана Нұржігіт өткір пікір білдірді
Тележүргізуші әрі журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында әлемдік деңгейдегі даулы оқиғаларға қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Ол халықаралық элитаның әрекеттерін сынап, билік пен байлықтың адамгершілік құндылықтарға әсері туралы ой қозғады.
«Адамзат санасына сыймайтын, құндылық атаулының күл паршасын шығарған жабайы “әлем элитасының” мына тірлігіне қарап отырып, мұндай “өркениетіңе” түкіргенім бар дегің келеді! Жиіркенемін! Еркегі таққа жетіп қораға түскен аш қасқырша қой жарғандай қанға тойып ап, көзі қанталап тоқтайтын емес. Әйелдің көшбасшы болғанының түрі анау!
Әлем ұлттары мәртебе санайтын биік мінберді қорлап отыр. Екі сөздің басын әрең қосып… Әлемді дүр сілкіндіріп жатқан “атақты” файлдар ісі бойынша тергеу шексіз байлық пен биліктің қандай жетесіздікке, арсыздыққа апаратынын көрсетті. Оқымаған қараңғылар дейін десең, тауыспаған білімі жоқ.
Сонда ғалымнан залым шығу білімнен емес, жүректен болып тұр ғой! Иман мен ынсап білмейтін қуыс кеудеден ғой… Сабыр бере гөр…», – деп жазды Дана Нұржігіт.
Желі қолданушылары тележүргізушінің жазбасына түрлі пікір қалдырып, қоғамдағы құндылықтар мәселесін талқылауда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
1