Шерзаттың өліміне күдіктілер түрмеде туған күн тойлаған: Полиция мәлімдеме жасады

Ақпан 17, 2025 - 09:20
 0  53
Шерзаттың өліміне күдіктілер түрмеде туған күн тойлаған: Полиция мәлімдеме жасады
фото: видеодан скриншот

Алматы облысының полициясы уақытша ұстау изоляторында туған күн тойлап жатқан видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторында туған күн тойлап жатқаны туралы видео пайда болды.

— Уақытша ұстау изоляторынан тараған видео бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде басшылық та, қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды, - деп хабарлады өңір полициясынан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0