Шымкентте BMW жүргізушісі пойыз жолына түсемін деп тепловозбен соқтығысты
Теміржол маңындағы жол-көлік оқиғасы тіркелді

2025 жылғы 21 шілдеде сағат 07:30-да Шымкент станциясындағы «Санжар» ЖШС-нің жеке кіреберіс жолында BMW көлігінің жүргізушісі тепловозбен соқтығысып, жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құрбан болғандар жоқ
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, құрбан болғандар да тіркелмеді. Қазіргі уақытта жол апатының нақты мән-жайы анықталып жатыр. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.
ҚТЖ ескерту жасады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жүргізушілерге теміржол өткелдері мен теміржол маңында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Мұндай аймақтарда немқұрайлы немесе абайсыз әрекеттер жол апатына және адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?






