Түркістанда 15 жыл бойы іздеуде жүрген екі шетелдік ұсталды
Екеуі де мемлекетаралық іздеуде болған.
Тәртіп сақшылары 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған екі шетелдікті құрықтады.
Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 15 жыл мемлекетаралық іздеуде болған екі шетел азаматын қолға түсірді.
Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түркістан облысының аумағында 2009 жылдан бері бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін өз отанында іздеуде жүрген көрші мемлекеттің екі азаматын ұстады, – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық жағдай анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?