Оқушыны пышақтап кетті: Таразда жаңа оқу жылы қайғылы оқиғамен басталды
Күдікті ретінде жасөспірім ұсталды

Тараз қаласында жасөспірімдер арасында 1 қыркүйек күні жанжал болып, салдарынан 14 жастағы оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға оқу процесінен тыс уақытта болған. Қақтығыс тұрмыстық себептен туындаған, марқұм мен күдікті бұған дейін таныс болмаған. Сонымен бірге, екі мектеп оқушылары арасындағы төбелес туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Топтық төбелес дерегі тіркелмеген.
Алдын ала мәлімет бойынша пышақ оқушының жүрек тұсына кірген.
Жамбыл облыстық полиция департаменті аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді ПД.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






