Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қыркүйек 2, 2026 - 12:35
app_badging Қыркүйек 2, 2026 - 12:35
chat_bubble  0 visibility  5
Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент бұл мерекені Вьетнам халқының бірлігі мен жасампаз рухының, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен өркендеу жолындағы ұмтылысының жарқын нышаны ретінде атап өткен.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

 Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0