Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын жасақтауда: кім қандай қызметке тағайындалды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын жасақтау аясында бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұған дейін, 31 тамызда Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалған еді. Ал 2 қыркүйекте Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болды.
3 қыркүйекте жарияланған Президент жарлықтарына сәйкес:
-
Нұрлыбек Нәлібаев – Премьер-министрдің бірінші орынбасары;
-
Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы;
-
Қанат Бозымбаев – Премьер-министрдің орынбасары;
-
Серік Жұманғарин – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі;
-
Жаслан Мәдиев – Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
-
Дәурен Қосанов – Қорғаныс министрі;
-
Ержан Сәденов – Ішкі істер министрі;
-
Мәди Такиев – Қаржы министрі;
-
Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі;
-
Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі;
-
Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
-
Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі;
-
Мұрат Мұханов – Төтенше жағдайлар министрі;
-
Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;
-
Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі лауазымына тағайындалды.
Осылайша, Президент Премьер-министрді қоса алғанда, Үкімет құрамындағы 17 лауазым бойынша шешім қабылдады. Үкіметтің ресми сайтында бірқатар ведомство басшылары әзірге министр міндетін атқарушы ретінде көрсетілген. Үкімет құрамын жасақтау жалғасып жатыр.