Тоқаевқа видео жолдаған жетім полицейдің мәселесі тез шешілетін болды

Тамыз 23, 2024 - 16:54
Тамыз 23, 2024 - 16:55
Тоқаевқа видео жолдаған жетім полицейдің мәселесі тез шешілетін болды

Ақмола облысының әкімдігі жетімдерге берілетін пәтерге қол жеткізе алмай жүрген полицей Геннадий Вездецкий жарты жыл ішінде баспаналы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін балалар үйінде өскен Геннадийдің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрағанын жазған едік. Жас жігіт он үш жыл пәтер кезегін күтіп шаршаған.

Редакция Ақмола облысының әкімдігінен ресми жауап алды.

«Вездецкий Геннадий Владимирович «жетім балалар» санаты бойынша кезекте 7-ші болып тұр. Кезекте барлығы – 218 адам. Ол жарты жыл ішінде кезекке сәйкес пәтерін алады», - деп сендірді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Геннадий Вездецкий балалар үйінде бірге өскен інісін баспана кезегінен еш себепсіз шығарып тастағанын да айтқан.

«Оның бауыры Астана қаласында тұрады және жұмыс істейді. Ал қолданыстағы заңнама бойынша тұрғын үй кезектегілерге тұрғылықты жері бойынша беріледі», - деп түсіндірді облыстық әкімдіктегілер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow