Трамп Байден қол қойған 80 құжаттың күшін жойды

Қаңтар 21, 2025 - 11:45
Қаңтар 21, 2025 - 11:53
Трамп Байден қол қойған 80 құжаттың күшін жойды

Трамп Байден қабылдаған 80 шешімнің күшін жоятын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz. 

АҚШ президенті стадионда жақтастарының алдында 9 құжатты бекітті. Жаңа шешім бойынша АҚШ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықты. 

Сонымен қатар Байден әкімшілігі шығарған жарлықтардың күшін жою, онлайн жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметкерлерді офлайн форматқа ауыстыру, климат бойынша Париж келісімінен шығу, цензураны жою және алдыңғы президент әкімшілігінің саяси қарсыластарына қарсы сот жүйесін пайдалануға тыйым салу туралы құжаттар бар. 

Бұдан бөлек, АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трамп 2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолий ғимаратына басып кірген 1600-ға жуық адамды кешіру туралы жарлыққа қол қойды.

Капитолий ісі бойынша Трамптың жақтастары Джо Байденнің президенттік жеңісін мойындамай Капитолийге шабуыл жасап, Вашингтонда тәртіпсіздік ұйымдастырған еді.

Еске салайық, кеше, 20 қаңтар күні Дональд Трамп екінші рет АҚШ президенті атанды

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow