Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туыс атасынан бала тапқан

Қазан 21, 2025 - 10:01
 0  217
Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туыс атасынан бала тапқан
Фото: Pixabay

Түркістан облысында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды информбюро.

Желіде тараған ақпаратта жасөспірімге қорлық көрсетті деген ер адам қыздың ағайын атасы екені айтылған.

Жасөспірімнің зәбір көргенін ата-анасы қыздарының жүктілігінің жетінші айында бір-ақ білген. Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған.

Туысынан қорлық көрді деген жасөспірім биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенімен ата-анасына бөлісе алмаған. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді.

Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан туысы. Немере бағып отырған қария өз кінәсін толық мойындаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0